Білім күні
- Қаралды: 384
01.09.2022 ж. жылдық жоспарға сәйкес №13 "Тұлпар" балабақшасында Білім күніне арналған жыл сайынғы мереке өтті, оған тәрбиеленушілер мен қызметкерлер қатысты.
Іс-шараны өткізудің мақсаты балалардың мектепке деген қызығушылығын дамыту болды.
Мереке барысында балалар сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар шешті, назар аударарлық тапсырмалар орындады, балабақша туралы әндер айтты, аттракциондарға қатысты, би биледі.
Мереке соңында әр топтың балалары педагогтармен бірлесе отырып, "жаз бояулармен бояйды" тақырыбында көрме өткізді, онда балалар мен ата-аналар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Осылайша, іс-шараның мақсаты мен міндеттері толық іске асырылды.
Күні бойы мерекелік атмосфера сақталды, балалар бір-бірімен қарым-қатынастан қуаныш алды, шығармашылық белсенділік көрсетті.