«Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні»
- Қаралды: 187
«Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні»
тақырыптық оқу қызметтерінің өткізілуі туралы есебі
Балабақшада «Отан қорғаушылар күніне» «Жеңіс күні» мерекесіне арналған іс-шараларды өткізу – мектеп жасына дейінгі балалардың бойында өз Отанының озық дәстүрлеріне жататын патриоттық сезімін ояту, балаларда Отанымыздың даңқты қорғаушылары үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру үшін жақсы іс-шара өткізілді. Бұл Отанымыздың күзетінде тұрған барша халықтың мерекесі. Бұл нағыз ерлердің мерекесі – ержүрек пен батыл, епті және сенімді, сондай-ақ өсіп, Отан қорғаушы атанған ұлдардың мерекесі, алайда әзірге біз балаларды таныстырып, Әскердің не екенін, 7 мамыр неліктен Отан қорғаушылар күні екенін айтып түсіндіреміз. Әскери адамға, әскери киім киген адамға құрметпен қарауға тәрбиелейміз, Отанға деген сүйіспеншілікке баулимыз, патриоттық сезімдерін дамытамыз. Барлық жас ерекшелікті топтарда іс-шаралар өткізілді. Балалар өлең оқыды, спорттық эстафеталарға қатысты. Олар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқады. Қозғалыс әрекеті барысында балалардың бойында ерік-жігер қасиеттері, өзара көмек көрсету, қолдау сезімдері тәрбиеленіп, төзімділік, шыдамдылық, қиял, ой-өрісі дамыды.
Балалар көптеген жағымды эмоциялар алды!
.