Мұғалімдер мен ата-аналар үшін ең бастысы – балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі. Балалардың денсаулығын сақтау, қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз ету, әлеуметтік, техногендік, табиғи және экологиялық қиын жағдайларда балаларды, ата-аналарды, мұғалімдерді қауіпсіз өмір салтын ұстануға үйрету қазіргі заман талабы болып табылады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары заңнамалық және нормативтік құжаттарға негізделіп жасалады. Балаларға қауіпті және зиянды факторлар, төтенше жағдайлар жайында түсініктерді қалыптастырып, сондай сәттерде өзін-өзі ұстау дағдыларын қалыптастыру қажет.

Мақсаты: «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – ДЕТСТВО БЕЗ ОПАСНОСТИ» он күндігі аясында мектепке дейінгі тәрбиеленушілер мен орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына баланың жеке қауіпсіздігінің негіздерін, салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға, жол-жүру және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулықтар беру, қоршаған ортаға сәтті бейімделуге бағытталған ойын түрлері мен жағдаяттарды шынайы өмірге модельдеу арқылы қауіпсіз білім беру ортасын құру.

Міндеттері:

Өмір қауіпсіздігі, салауатты өмір салты жайында балаларға ақпарат беру;

Балаларға жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін ойын түрінде түсіндіру;

Табиғаттағы маусымдық ерекшеліктер, табиғи апаттар жайында ақпарат беру, алдын-ала сақтану шараларын үйрету;

Бейтаныс адаммен өзін-өзі ұстау, көшеде өзін қорғау іс-әрекеттерімен танысу;

Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер, қауіпті хоббилерден арылуды үйрену.

І-күн

«Қауіпсіз балалық шақ-детсво без опасности» декаданың ашылу салтанатты өтті», Әдістемелік сағат. Танымдық ойын-сауық

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top