Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20708 болып тіркелді.

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 23.04.2021 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.08.2023 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары осы бұйрықпен білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі (ҚР БжҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы/ ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.05.2024 № 112 өзгерісімен)

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top