Балабақшада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесін атап өту мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге, өз Отанының үздік дәстүрлеріне деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ Отанның даңқты қорғаушылары үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға тамаша себеп болып табылады.

Бұл мереке бүкіл қоғамымыз үшін ерекше маңызға ие, өйткені елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Біз балаларды әскери адамға, форма киген жанға құрметпен қарауға, Отанға деген сүйіспеншілікті сезінуге және патриоттық сезімдерді дамытуға тәрбиелейміз.

Біздің балабақшада Отан қорғаушылар күніне орай ата-аналармен бірлесіп спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жеңіс күні қарсаңында жоғары және мектепалды топтарда балалардың адамгершілік-патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Қорғаушының беделін арттыру мақсатында барлық кезеңде балалармен «Олардың есімдерімен көшелер аталады», «Менің тегім», «Біз тұратын ел» атты демонстрациялық материалдар көрсетілді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19

 

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top