Жылдық жоспарға сәйкес №13 "Тұлпар" бөбекжай-бақшасында дәстүрлі емес форматта жалпы бақшалық ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар таң қалды, қызығушылық танытты. 2025-2026 жылдарға арналған балабақшаның жұмысы туралы ақпарат берілді. Ата-аналар қойған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Тақырыбы: "Оқу жылының басталуы-балабақша, ата-аналар және оның тәрбиеленушілері өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы".

Мақсаттары: педагогтар мен ата-аналар арасындағы байланысты кеңейту; жаңа оқу жылына өзара іс-қимыл перспективаларын модельдеу; ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.

Міндеттері: ата-аналарды білім беру жұмысының міндеттері мен ерекшеліктерімен, мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа оқу жылына арналған міндеттерімен таныстыру; тәрбиеленушілер отбасыларының сауалнамалық деректерін жаңарту; ата-аналарды баланы бақылауға, оны зерттеуге, жетістіктер мен сәтсіздіктерді көруге үйрету, оның өз қарқынымен дамуына көмектесуге тырысу.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top