Дәстүрлі емес форматта жалпы бақшалық ата-аналар жиналысы өтті
- Қаралды: 31
Жылдық жоспарға сәйкес №13 "Тұлпар" бақшасында дәстүрлі емес форматта жалпы бақшалық ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар таң қалды, қызығушылық танытты. Балабақша туралы 2025-2026 жылдарға арналған жұмыс туралы ақпарат берілді. Ата-аналар қойған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Тақырыбы: "Оқу жылының басталуы-балабақша,ата-аналар және оның тәрбиеленушілері өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы".
Мақсаттары: педагогтар мен ата-аналар арасындағы байланысты кеңейту; жаңа оқу жылына өзара іс-қимыл перспективаларын модельдеу; ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.
Міндеттері: ата-аналарды білім беру жұмысының міндеттері мен ерекшеліктерімен, мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа оқу жылына арналған міндеттерімен таныстыру; тәрбиеленушілер отбасыларының сауалнамалық деректерін жаңарту; ата-аналарды баланы бақылауға, оны зерттеуге, жетістіктер мен сәтсіздіктерді көруге үйрету, оның өз қарқынымен дамуына көмектесуге тырысу.