Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданындағы №13 «Тұлпар» балабақшасының ұжымы мен ата-аналар қар аршуға кірісті, деп хабарлайды «Тілші».

Боран басылған сәтте демалыс не үзіліс демей, қолдары бос жандар келіп қолғабыс берді. Күн батқанша олар біраз маңды тазалап үлгерді.

Жалпы, қала бойынша жиналған 25 391 текше метр қар полигонға шығарылған. Жергілікті әкімшіліктің хабарлауынша, тек бір тәулік ішінде екі мыңнан астам арнайы техника мен жұмыс күші қаланы қардан тазалауға шығыпты.

Ынталы топ есеп үшін емес, балабақша ұжымына көмек беруге келген. Олар үшін бүлдіршіндердің аулада серуенге шығуына, ойнауына жағдай жасау.

Синоптиктердің хабарлауынша, үш айлық нормадан асатын қар өңірімізде 1964 жылдан бері болмапты. Алда қатты аяз болмайды. Қазақстанда ең төмен (-54°С) температура 1931 жылы қаңтарда тіркелген екен.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06

Көзі: http://tilshi.kz/

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top