"Сабақтастық: балабақша және мектеп" аясында "Ақбота" мектепалды тобының тәрбиеленушілері "Мектеп" сюжеттік – рөлдік ойынын қуана ойнады.

Балалар мектептегі мінез-құлық ережелерін ойын түрінде игерді, бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйренді. Балалар, мектептегідей, сабақ тыңдап, сұрақтарға жауап берді, тапсырмаларды шешті, әріптерді үйретті,. Ойын барысында балалар өздерін мұғалім және оқушы ретінде сынап көрді. Ойын танымдық және қызығушылықпен өтті. Осы жұмыстың арқасында мектеп жасына дейінгі бала өзінің мінез-құлқын басқара бастайды,  осылайша мінездің қалыптасуына ықпал етеді. Құрдастарымен бірлескен ойын кезінде балалар қарым-қатынасты, басқалардың іс-әрекеттерін ескеруді, өз пікірлерін қорғауды, жоспарларды бірлесіп құруды және жүзеге асыруды үйренеді, сонымен қатар оқуға деген ұмтылыс тәрбиеленеді, өйткені көп ұзамай олар нағыз мектеп оқушылары болады.

  • 01
  • 02
  • 03

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top