Балабақшамызда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Абай әлемі” тақырыбында кітап бұрышы ұйымдастырылды. Балалар Ұлы Абай атамыздың өлеңдерімен, шығармашылығымен таныс болды.
«Ақбота» тобында «Масақтан масаққа» модельдеу бойынша шығармашылық жұмыс. Дастархандағы маңызды өнім ретінде нанға деген ұқыптылықпен қатар, астық өсіруші еңбегіне деген құрметті де тәрбиелеуді жалғастырамыз.
«Ақбота» тобында балалар наубайшының жұмысымен танысты, олар нан өнімдерін дайындауға да қатысты. Үлкендердің еңбегін құрметтеуге, еңбек дағдыларына тәрбиелейміз.