
Жаңа жыл-әр үйде, әр отбасында күтілетін ең сүйікті, мейірімді, ертегі мерекесі. Бірақ ешкім біздің балалар сияқты жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістерді және шытырман оқиғаларды шынымен күтпейді. Сондықтан біздің балабақшада жаңа жылдық ертеңгіліктерді өткізуге ерекше көзқарас бар.


Жылдық жоспарға сәйкес №13 "Тұлпар" балабақшасында салтанатты ертеңгіліктер өтті. Ертеңгіліктерде балалар би билеу, ән айту және мәнерлеп өлең оқу, қазақтың ұлттық ойындарын ойнау дағдыларын көрсетті. Мереке ҚР Әнұранын орындаудан басталды. Ертеңгіліктер салтанат пен ізгі ниет атмосферасында өтті.