Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған ерекше әлеуметтік бастама – “ӘКЕ АНА, ТЕРЕЗЕНІ ЖАПШЫ” атты челлендж бастау алды.

Челлендждің басты мақсаты – балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу, бүлдіршіндердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

Челлендждің ең әсерлі тұсы – балалардың өздерінің ата-аналарына үндеу жасауы. Олар: «Әке ана, терезені жапшы!»”” “ Менің қауіпсіздігім – сіздердің қолдарыңызда!» деген жүрекжарды сөздер арқылы үлкендерді қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырды.

Бұл бастама – жай ғана челлендж емес. Бұл – әрбір бүлдіршіннің ата-анасына айтқан ең маңызды өтініші. Өйткені бала өз қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайды. Оның өмірі мен амандығы – ең алдымен ересектердің жауапкершілігінде.

Астана қаласының Білім басқармасы барлық ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуға, жиһазды терезе алдына қоймауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бір сәттік ұқыптылық – бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

        

 

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top