Дәстүрлі емес дене шынықтыру жабдықтарының көрмесі өтті
- Қаралды: 383
№13 «Тұлпар» балабақшасында №4 педагогикалық кеңеске барлық жастағы топтар арасында дәстүрлі емес дене шынықтыру жабдықтарының көрмесі өтті.
Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың толыққанды дамуына көмектесетін, өз қолдарымен қалдық материалдан жаңа дәстүрлі емес жабдықтарды жасау жолымен пәндік-даму ортасын кеңейту.
Балабақшада негізгі бағыттардың бірі салауатты өмір салтына балаларды тарту болып табылады.
Балаларда салауатты өмір салтының негізін қалыптастыру дұрыс ұйымдастырылған пәндік-кеңістік ортасы, бұл ең алдымен, қимылмен әрекет ететін, пәндік-даму ортасы болып табылады. Ол дамушы сипатта болуы керек, әртүрлі, серпінді, түрленетін, көп функциялы болуы керек. Балабақшалардағы дене шынықтыру бұрыштарында, ережеге сай, дайын өндірістік атрибуттары бар стандартты жабдықтармен толықтырылған болады. Біздің балабақшаның педагогикалық ұжымы балаларды қиялға, шығармашылыққа, дербестікке баули отырып, олардың дербес моторикасын әртараптандыруды шешті. Ата-аналар дәстүрлі емес жабдықтарды дайындауға қатысу туралы ұсынысқа қуана жауап берді. Жабдықтарды дайындайтын материалға, дайындауға, қауіпсіздікке, балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға ұсыныстар берілді.
Тәрбиешілер көрменің барлық қатысушыларына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді!