Құрметті ата-аналар!

№13 «Тұлпар»  МКҚК балабақшасы базасында сіздер үшін арнайы «Консультациалық пункт»

жұмысты жалғастыруда онда сіздер тегін білікті консультативтік көмек ала аласыздар.

Егер сізде кеңес беру пунктіне бару мүмкіндігі болмаса, Сізді қызықтыратын сұрақты телефондар арқылы қоюға болады.

8 (717) 28-82-62

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Герцен қ. 84/1

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАТИВТІК ПУНКТТІҢ МАҚСАТЫ:

мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. 

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАТИВТІК ПУНКТТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

Ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланы оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселері бойынша психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыратын консультациялық көмек көрсету;

әр баланың балабақшаға түсу кезінде бейімделуден сәтті өтуі үшін жағдай жасау;

ата-аналарға ерте жастағы балаларды тәрбиелеу, дамыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға консультациялық көмек көрсету. 

ЖҰМЫС НЫСАНДАРЫ

Баланың қатысуымен және оның қатысуынсыз ата-аналарға арналған жеке консультация (консультацияның мазмұны атаулы сипатта болады).

Ата-аналарға отбасылық кеңес беру баланың мамандармен жеке іс-әрекетімен үйлеседі. 

Сырттай кеңес беру (жазбаша өтініш бойынша, мектепке дейінгі ұйым сайтының жұмысын ұйымдастыру арқылы).

Отбасылармен консультациялық жұмысты тәжірибелі мамандар, мектепке дейінгі ұйым мамандары жүзеге асырады. 


Жауапты әдіскер Каюмова Клара Рамизовна: 8-701-615-80-09, 28-82-62.

Консультациялық пунктің жұмыс кестесі

Консультативтік пункттің жұмыс жоспары

Әдістемелік ұсынымдар

Мектепке дейінгі ұйымдарда консультативтік пункт ашу туралы бұйрық

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі (ҚР БжҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы/ ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.05.2024 № 112 өзгерісімен)


Ойын - бала үшін ойын емес, шындық" К. Д. Ушинский. Еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен әрекет ете алатын шәкірт дайындау ұстаздың міндеті.

Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.  Ол балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналаны тану тәсілі. Ғалымдардың айтуынша "Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе.  Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады" - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады. Олар ойын барысында өздерін еркін сезінеді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл ойы өсіп жетіледі.

Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы өзара қарым қатынас жасауды меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жолын ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі., өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын  балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда тілдік қарым-қатынас ойын арқылы дамиды. Ал ойындарды қолдануда бала қызығушылығы артып, талпынады. Және кез келген сөзді толық айтуға тырысады. Дидактикалық ойындармен балалар ойнаған сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дамиды. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет

Тәрбиеші Л.И.Ахметова

  • 01
  • 02
  • 03

 

 

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top