Өткізілген уақыты:13.10.22 жыл

Қатысқандар:  меңгеруші – Г.Б.Керимбекова.

                                әдіскер - Каюмова К.Р.

                                мейірбике- Жолжаксинова Л.К.

                                топтардың тәрбиешілері

Мақсаты: балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау; ата-анада өз баласының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру; жиналыс тақырыбы бойынша ата-аналарға педагогикалық білім беру.      

ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ - ПРЕЗЕНТАЦИЯ:

1.Бала жарақатының негізгі себептері;

2.Үйден тыс жерде балалардың кауіпсіздігін камрамасыз ету;

3.Балалардың киберқауіпсіздігі туралы түсінік. Балалардың киберкауіпсіздігін камтамасыз етудің негізгі ережері.

 Тыңдалды: менгеруші Г.Б.Керимбекова

1. Біздің қоғамдағы қазіргі қалыптасқан әлеуметтік және экологиялық жағдай алаңдатады. Бізді әсіресе жас балалар алаңдатады. Бала әртүрлі өмірлік жағдайларға түсіп қалған жағдайда,  бала өзінің не істерін білмей қалуы мүмкін.

Барлығымыз – тәрбиешілер мен ата-аналар «Балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қалай қамтамасыз етуге болады?» деген сұраққа жауап беруге тырысамыз.Қанекей бүгін біз осының жауабын бірге табуға тырысайық.

Тындалды: әдіскер К.Р.Каюмова Қауіпсіздік дегеніміз не? Бұл жай ғана алынған білімнің жиынтығы емес, әр түрлі жағдайда өзін дұрыс ұстай алу, алған білімін практикада қолдана білу қажет.

— Балаларының қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін ересектер не істеу керек деп ойлайсыз? (Ата-аналардың жауаптары.)

Қорытынды. Біріншіден, балаларға қауіпсіз мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормалары туралы білімнің қажетті көлемін беру қажет. Екіншіден, берілген жағдайда адекватты, саналы әрекет етуге үйрету, мектеп жасына дейінгі балаларға үйде, көшеде, саябақта, көлікте өзін-өзі ұстаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге көмектесу. Үшіншіден, мектеп жасына дейінгі балаларда дербестік пен жауапкершілікті дамыту.

 Ересектердің міндеті - баланы әртүрлі қиын, кейде қауіпті өмірлік жағдайлармен кездесуге дайындау. Баланы мектепке дейінгі жастан бастап төтенше жағдайда дұрыс мінез-құлыққа үйрету керек:

-термиялық күйіктердің түрлері (балаға қайнаған термиялық су қүйылған кезде, пешке, май қүйылған табаға, және т.б.);

-көмірқышқыл газымен улану (пештің түтіндеру);

-биіктіктен қүлау (үйдің кіребеісінен, пандустан, көп қабатты үйлердің терезелерінен және т.б.);

-балаға түрмыстық заттардың (жиһаз, теледидар және т.б.) қүлауынан болған жарақаттар;

-суға бату (су коймаларында, бассейндерде, ваннада);

-улану (дәрілік, химиялық заттармен және т.б.).

Жазатайым оқиғалардың көпшілігін, балалардың жарақаттану фактілерін, әдеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып болдырмауға болады.

   Баламен сенімді қарым-қатынас ортану маңызды;

   Баламен көбірек сөйлесуге тырысыңыз;

2. Баламен жаңалықтар хабарламаларын талқылаңыз, ол үшін не қауіпті екенін, қандай да бір өмірі немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда не істеу кереқтігін түсіндіріңіз.

Үйден тыс жерде баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі ережелері:

*Балаға, егер артынан келе жатқан күдікті адамды байқаса, оның іс-әрекетің түсіндіріңіз;

*Балаға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қаупті туралы айтыңыз;

*Балаларға бейтаныс ересектерден сыйлықтар мен тәттілерді қабылдамауға, олармен бірге кетпеуге және басқа адамдардың көліктеріне ешқандай сылтаумен отырмауды үйретіңіз;

Балаңызды Сізге бейтаныс адамдармен қалдырмаңыз «жекеше үйде бала күтушілері болып және т.б.).

3. Киберқауіпсіздік (интернеттегі қауіптерден қорғау). Бүгінде біз өмірімізді компьютерсіз және интернетсіз елестете алмаймыз. Қазіргі уақытта бүкіләлемдік желінің пайдасы мен зияны туралы көптеген даулы әңгімелер бар. Балалар мен жасөспірімдер Интернеттің белсенді пайдаланушылары болып табылады, өйткені ол жас ұрпаққа жаңалық ашуға, қарым-қатынасқа және шығармашылыққа керемет мүмкіндіктер береді.

Жастайынан бойына сініру қажет интернет ресуртарын пайдалану ережелері:

*Интернетке тек ересек адамның рұқсатымен және бақылауымен шығу;

*интернет кеңістігіне шығудың уақытша шектеудің болуы (30 минуттан артық емес);

*арнайы баллар сайттары мен мен платформаларын қолдану (мысалы, youtube kids және т.б.);

*ойындарды тек ата-атаның рұқсатымен орнату;

*бейтаныс адамдармен байланыс және желілік ойындар ойнауға тыйым салу.

  Балаңыздың қауіпсіздігін камтамасыз ету үшін заманауи бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.

 Қорытындылау

ТЫҢДАЛДЫ: Қорытындылай келе айтқым келеді: қауіпсіздік ережелерін елеусіз қалдырмаңыздар! Оларды балаларыңызбен бірге үйреніңіз. Балаларға тек дұрыс үлгі болуға тырысыңыз. Әр күніміз біздің қаупсіз болсын, аман болайық!

Ата-аналар жиналысының шешімі:

  1. Балалар мен ата-аналар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек.
  2. Балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бойынша балабақша мен отбасының бірлескен жұмысын жүйелі түрде жүзеге асырылсын.
  3. Жиналыстың тақырыбы бойынша балалармен бірлескен әртүрлі танымдық іс-әрекеттер өткізілсін.

  • 1
  • 2

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top