Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі
- Қаралды: 85
Ойын - бала үшін ойын емес, шындық" К. Д. Ушинский. Еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен әрекет ете алатын шәкірт дайындау ұстаздың міндеті.
Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ол балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналаны тану тәсілі. Ғалымдардың айтуынша "Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады" - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады. Олар ойын барысында өздерін еркін сезінеді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл ойы өсіп жетіледі.
Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы өзара қарым қатынас жасауды меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жолын ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі., өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда тілдік қарым-қатынас ойын арқылы дамиды. Ал ойындарды қолдануда бала қызығушылығы артып, талпынады. Және кез келген сөзді толық айтуға тырысады. Дидактикалық ойындармен балалар ойнаған сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дамиды. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет
Тәрбиеші Л.И.Ахметова