«Отбасы және балабақша – ынтымақтастық алаңы» қалалық семинары өтті
- Қаралды: 64
2026 жылғы 23 сәуір күні Астана қаласында №13 «Тұлпар» балабақшасы базасында маңызды қалалық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесінде бірлескен тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыру.
Семинар барысында:
«Тиімді қарым-қатынас – табысты ынтымақтастық негізі» тақырыбында тренинг өтті.
«Отбасы және балабақша – ынтымақтастық алаңы» шеберлік-сыныбы ұсынылды.
«Біз мектепке барамыз» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетілді.
Педагогтер мен ата-аналар арасында пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар тәжірибе алмасып, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру жолдарын талқылады.
Мұндай кездесулер – бала болашағы үшін отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысының маңыздылығын айқындайды.