Мақсаты: әке мен баланың бірлескен бос уақытын тиімді ұйымдастыру және цифрлық кеңістікте жағымды отбасылық контент қалыптастыру.
Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш сезімін, құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, рәміздер туралы алғашқы түсініктерін кеңейту.
Ойын және ертегі терапиясы арқылы мектеп дейінгі жастағы балалардың бойында үйде, көшеде және балабақшада өз өміріне қауіп төндіретін жағдайларды тани білудің барлық дағдыларын қалыптастыру.
Балалар – біздің болашағымыз, өміріміздің мәні мен сәні. Олардың әрбір күлкісі әлемді нұрландырып, жүректерге қуаныш сыйлайды. Бүгінгі мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілейміз. Армандары асқақ болып, білім мен өнердің шыңын бағындырсын! Әр бала мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, шаттыққа толы өмір сүрсін.
Балалардың күлкісі ешқашан үзілмесін, жүректері қуанышқа толы болсын! Мереке құтты болсын!