“Отбасым - алтын діңгегім”.

Отбасы - кез келген қоғамның іргетасы, адам бойындағы ең асыл қасиеттер қалыптасқан қасиетті мекен.

2026 жылғы 23 сәуір күні Астана қаласында №13 «Тұлпар» балабақшасы базасында маңызды қалалық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесінде бірлескен тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыру.

Семинар барысында:

«Тиімді қарым-қатынас – табысты ынтымақтастық негізі» тақырыбында тренинг өтті.

«Отбасы және балабақша – ынтымақтастық алаңы» шеберлік-сыныбы ұсынылды.

«Біз мектепке барамыз» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетілді.

Балаларға суды тиімді пайдалану жолдары, су ресурстарын қорғаудың үйрету жолдары болды.

Мектепке дейінгі балалардың мектепке саяхаты — бұл өмірдің жаңа кезеңіне жасалған маңызды әрі толқынысты қадам. Балалар сыныптармен, мұғалімдермен және мектептегі атмосферамен қызығушылықпен танысып, өздерін оқушы ретінде сезініп көреді. Мұндай кездесулер үрейді басуға көмектеседі, танымдық қызығушылықты оятады және болашақ оқуға деген оң көзқарас қалыптастырады. Мектеп белгісіз дүние болудан қалып, жақын әрі түсінікті бола бастайды.   

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top