“Құлыншақ” ересек тобының бүлдіршіндері.

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз мейірім мен махаббатқа толы болсын. Сіздер – отбасының жылуы, өмірдің көркі, қоғамның тірегі.

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі сіздерге қуаныш, бақыт, зор денсаулық және мол табыс әкелсін! Әр күніңіз гүлдей жайнап, армандарыңыз орындала берсін.

Сіздерге шексіз бақыт, махаббат пен береке тілейміз!

“Тұлпар” тобында 8 наурыз аналар мерекесіне ертеңгілік өтті.

Құрметті аналар,әжелер, арулар! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Отбасыларыңызға береке, қуаныш, амандық тілейміз.

Балалардың күлкісі әрқашан үйлеріңізді шаттыққа толтырсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Іс - шараға белсенділік танытып, қатысқандарыныз үшін өз ризашылығымызды білдіреміз.

Мақсаты: Ата - аналарды пластилинография техникасымен таныстыру, оның баланың дамуы үшін маңызын көрсету және оны үй жағдайында қолдануға үйрету.

Ата - аналармен өткізілген мастер класс өте қызықты өтті. 

Барлық қатысқан ата-аналарымызға алғыс білдіреміз.

Бір шаңырақ астында тақырыбындағы өткізілген тренинг бірлік, сыйластық, отбасы құндылықтары және ұжымдық ынтымақты дамытуға бағытталады.

Бәріміз біргеміз, ажырамас іргеміз.

Ат салысып, қолдау көрсетіп жүреберейік.

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top