
Өз қолдарымен жасалған әшекей бұйымдарды, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сахнада көрсетіп, тарту етті.
“Аналар мектебі” барысында біздің балабақшада ұлттық нақыштағы «Ананың әшекейлері» атты жанұя мүшелерінің қолымен жасалған, қызықты көрме өтті. Бұл заттарға сырғалар, алқалар, белдіктер, бас киімдер, білезіктер жасалынды.
Бала – біздің болашағымыз. Баланың жақсы тәрбие алып, мейірімді, білімді болып өсуінде ананың орны ерекше. Ана – баланың алғашқы ұстазы, алғашқы тәрбиешісі.
Балабақша мен ата - ана бірлесе жұмыс істесе, бала жан - жақты дамып, жақсы азамат болып өседі.
Барлық қатысқан ата-аналарымызға алғыс білдіреміз.
"Акбота" тобы