Сыртқы факторлардың әсерінен адам ағзасындағы зақымданулар, біз бір сөзбен – жарақат деп атаймыз.

Балалардың жарақаттануы - бұл ата-ананың да, баланың да өмірін түбірімен өзгерте алатын үлкен проблема.

Статистика бойынша жарақат негізінен кіші мектеп жасындағы (7-11 жас) балаларда болады. Ұлдардың жарақаттары қыздарға қарағанда әлдеқайда жиі (70%) болады.

Жарақаттар үш жастан асқан балалар өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Әлемде әр түрлі инфекцияға қарағанда жазатайым оқиғалардан көп бала өледі.

Балалар жарақаттануының негізгі себептері көп емес:

Негізгісі - нақты жағдайларда қорқынышты ештеңе орын алуы мүмкін емес деп ойлайтын ересектердің бейқамдығы.

Екіншісі - лауазымды тұлғалар немесе балалардың ата-аналары болсын өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ересектердің салғырттығы.

БІЗ ТУРАЛЫ

Біздің сайт арқылы Сіздер біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы біле аласыздар.

МЕКЕН-ЖАЙ: ГЕРЦЕН К. 84/1

ТЕЛЕФОН: 28-82-62

Top